Атырау қаласы әкімінің орынбасары болып Махуов Тілек Алдабергенұлы тағайындалды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі AtyrauPress-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті. Тілек Алдабергенұлы 1977 жылы Атырау облысында туған.
1999 жылы - Атырау мұнай-газ институтын аяқтап, «Мұнай және газ кәсіпшілік мәшинелері мен жабдықтары» мамандығын, 2008 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс пен қала шаруашылығы» мамандығын алған.
Еңбек жолын 1999 жылдан "Болат-Жол" АҚ жұмысшы болып бастаған. 2004 жылдан мемлекеттік қызметте, 2004-2006 жылдары жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде, 2006-2008 жылдары қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімінің бас маманы, Индер аудандық, Атырау қаласының "Қалакөркемдеу" КМК жоспарлау және құрылыс бөлімінің басшысы, 2009-2010 жылдары "ТМ Проект Строй" ЖШС бас инженері, 2011-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Әкімшілік департаменті Күрделі құрылыс және материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, Астана қаласы, 2013-2014 жылдары Астана қаласындағы "Аутсорсинг-Кадры", "BI-Development" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде прораб, жетекші маманы, 2014 -2017 жылдары Атырау облысы Жылой ауданы құрылысы, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы, Атырау облысы Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы, 2017-2022 жылдары "БатысҚұрылысИнвест" ЖШС атқарушы директоры лауазымында қызмет атқарған.
Тағайындалғанға дейін 2023 жылдан бастап, Қалалық құрылыс бөлімінің басшысы лауазымында жұмыс істеді.
Ұқсас жаңалықтар
Доллар көтеріліп, теңге әлсіреді: үкімет мәлімдеме жасады
- авторТомирис Тоныкөк
- 2 желтоқсан, 2024