"Келін міндетті дегенді қояйық": Ерке Есмахан енелерге ақыл айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 30 мамыр, 2024
- 2.7k
Эстрада әншісі Ерке Есмахан "келіндік міндеті" дейтін енелерге ақыл айтты, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Ерке келін де, ене де мінсіз емес деген пікірді алға тартады.
“Маған көп хат келіп жатыр. Енелер жағы «келінім оңбады, сендей болғанда ғой» деп, келіндер жағы «енеммен сыйыса алмаймын, сыйлық сыйламаймын» деп жазып жатыр. Мінсіз болуға ене де, келін де міндетті емес. Жақсы қарым-қатынасты өзімізден бастайық. Өзімізге махаббатты, назарды берсек, айнала соны қайталайды… Айнала – айна! Енелер, өтініш, «келіндер маған міндетті» деген ойды қояйық.
Келіндеріңізге өз өздерін табуға, тануға уақыт беріп көріңіздер. Әйелдер дамыса, бақытты болады. Әйел бақытты болса, сіздің ұлыңыз, ұрпағыңыз да бақытты. Келіндер, өтініш, енелеріңіздің кей тұстарын қабылдауға тырысыңыздар. Қанша шетел боламыз дегенмен біз қазақпыз. Ата енелеріміздің түсінігі басқашалау. Жанұя болып, бала сүйіп, жайқалып отырғаныңыз сол ене тәрбиелеген ұлдың арқасы. Үлкендерді өзгертетін біз емес. Өзімізден бастайық”, – деп жазды мега жұлдыз.