Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Баласының жынысын білу үшін": ер адам жүкті әйелінің ішін орақпен орып тастаған

"Баласының жынысын білу үшін": ер адам жүкті әйелінің ішін орақпен орып тастаған
newsinfo.inquirer.net
Жұбайының қарсылығына қарамастан оның ішін орақпен тілгілеген.

Үндістандық ер адам баласының жынысын білу үшін әйелінің ішін орақпен орып тастаған, деп жазады KYN.KZ тілшісі news9live порталына сілтеме жасап.

Бес қыздың әкесі бір ұлы болғанын қалаған екен. 22 жылдық отбасылық өмірлері осылайша қайғылы жағдаймен аяқталған. Оқиға болған күні екеуінің арасында жанжал туындап, ер адам әйеліне шабуыл жасаған. Жұбайының қарсылығына қарамастан оның ішін орақпен тілгілеген. 

Қан сорғалап, көшеге шыққан әйелді дүкенде жұмыс істейтін ағасы көрген. Ер адам туысын ауруханаға жеткізген, ал күйеуі оқиға орнынан қашып кеткен. Дәрігерлер әйелге барлық қажетті көмекті көрсеткенімен, баланы аман алып қалу мүмкін болмады. Жәбірленушінің күйеуінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Сотта Үндістан азаматы оқиғаға әйелі себеп болғанын алға тартты. Ала сот әйелдің жағына шығып, ер адамды өмір бойына бас бостандығынан айырды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар