Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Актердің кемшілігі": Азамат Сатыбалды Ахмет Байтұрсынұлының рөлін сомдамауы керек болған

"Актердің кемшілігі": Азамат Сатыбалды Ахмет Байтұрсынұлының рөлін сомдамауы керек болған
Коллаж: KYN.KZ
Азамат Сатыбалды: "Ұсыныс жасағанда мен ойнай алмайтынымды айтып, бірден бас тарттым"

Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының өміріне өрілген "Соңғы үкім" фильміне түскен Азамат Сатыбалды өзі сомдаған рөлге қатысты ойын «Уақыт көрсетеді» YouTube арнасына берген сұқбатында айтты, деп жазады KYN.KZ тілшісі. 

Азамат Сатыбалды алғашында рөлге лайық емес екенін ойлаған. Өйткені, актер бұл уақытта ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың образын сомдаған. "Ал Алаш зиялысын сомдамақ мүлдем басқа дүние еді" дейді ол. 

«Ахмет Байтұрсынұлының рөлін ойнаймын деген нәрсе үш ұйықтасам да түсіме кірмеді. Мен үшін ол бөлек тұлға, бөлек форматтағы адам. Табиғаты маған келмейтін тұлға. Мен тез ашуланып, тез басылатын адаммын. Маған хабарласып осындай ұсыныс жасағанда мен ойнай алмайтынымды айтып, бірден бас тарттым»,- деді Азамат Сатыбалды. 

Сонымен қатар сұхбатта актер Абайдың рөлін ойнағаны үшін қынжылатынын да жасырмады. Оның пікірінше бұл образ ол үшін «ерте келген рөл». 

"Соңғы үкімге" түсуіне сценарий авторы Ғалым Доскен көндіріпті. Бірақ, Азамат Сатыбалды өз талабын ашық айтыпты.

«Мен ол кісі «сіз менімен жұмыс істесеңіз» ойнаймын дедім. Асықпай, аптықпай, дұрыс жұмыс істеу керектігін айттым. Өйткені, бір актердің еркелігі үшін немесе кемшілігі үшін киноны құрдымға кетіргім келмейді. Өйткені, бұл аманат»,- деді ол.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар