«Шығыңыздар»: Әскерилер сарбаздың анасын айтқан шындығы үшін пәтерден қуып шыққан
- автор Томирис Тоныкөк
- 31 мамыр, 2024
- 433
Әскерде ауыр жарақат алып, қазір ауруханада жатқан Ербаян Мұхтардың анасын әскерилер Алматыдағы пәтерден қуып шыққан. Оның жақындары кеше Алматыда журналистерді шақырып баспасөз конференциясын өткізген болатын. Сол жерде сарбаздың анасы бар шындықты айтқан, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
«Баспасөз конференциясын өткізетін күннің алдында түнде азаматтық киімдегі адамдар келіп, есіктің кодын 3 рет терді. Есіктің көзінен қарағанымда 3 жігіт тұрды. Олар бір-біріне «кодты айт, кодты айт» деп сыбырласты. Үйдің сигнализациясы ойнағанда олар қашып кетті. Бізді қорқытқысы келген шығар, білмеймін. Есіктің кодын әскерилер мен үйдің иесі ғана біледі», - дейді Ербаянның анасы Гүлсім Қамиева.
Бұл пәтерді Алматыдағы №5571 әскери бөлімнің тәрбие жөніндегі командирі Мұхамедияр Айтжан тауып берген. Онымен телефонмен сөйлескенінде пәтерді босатуларын сұраған.
«Кеше пәтердің иесіне телефон номерімді беріпті. Тұрып жатқан адамдар заттарын жинап жатыр, Астанаға қайтады деп айтқан екен. Үйдің қожайыны «ары қарай тұрасыздар ма? Ақысын өзіңіз төлейсіз бе?» деп сұрады. Мен Айтжанға қоңырау шалып, сөйлескенімде «ары қарай сіздерге төлемейміз, пәтерді босатыңыздар. Біз сіздерге де, балаға да (ред. – Ербаян Мұхтарды айтып тұр) міндетті емеспіз, шығыңыздар! деді», - дейді Гүлсім Қамиева.
Ұқсас жаңалықтар
Жүргізуші куәлігін алу қиындай түсті: өзгерістер енгізілді
- авторТомирис Тоныкөк
- 11 қазан, 2024