Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда жігітті ұрып-соққан жасөспірімдер видеоүндеу жариялады (ВИДЕО)

Алматыда жігітті ұрып-соққан жасөспірімдер видеоүндеу жариялады (ВИДЕО)
Сурет: Видеодан скриншот
Видеода бозбаланы соққыға жыққан екі қызбен бір жігіт жәбірленушіден кешірім сұраған

Алматыда жігітті ұрып-соғып, оны видеоға түсіріп алған түлектер кешірім сұрап, бейнеүндеу жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Видеода үш жасөспірім жәбірленушіден және оның ата-анасынан шын көңілмен кешірім сұраған.

«Марат, сенен және отбасыңнан шын көңілмен кешірім сұрағым келеді. Өз қателігімді түсінемін. Енді бұндай қайталанбайды»,– делінген жасөспірімдердің видеоүндеуінде. 

Еске салсақ, 25 мамырда Алматыда кәмелет жасқа толмаған екі оқушы қыз жасөспірім жігітті сабап, оның видеосын желіге жариялаған болатын. 26 мамырда қалалық полиция департаменті бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

 

Анар
Автор

Анар

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар