Алматыда көлік ішінде ақша алған полицейлердің үстінен іс қозғалды
- автор Анар
- 3 маусым, 2024
- 325
17 мамыр күні әлеуметтік желіде белгісіз автор Алматы қаласының полиция қызметкерлеріне көлік ішінде ақша бергені туралы көрсетілген видео жариялаған. Осыған қатысты полицейлердің үстінен сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мәлімдеді.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет көрсетілген жарияланымға уақытылы ден қойып, шетелдік азаматқа қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қолданбағаны үшін пара алу фактісі бойынша Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді тіркеді. Тергеу жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.