Мемлекеттік мекеменің бастығы: Павлодарда ер адам әйелі мен баласын аяусыз қорлап келген
- автор Анар
- 3 маусым, 2024
- 776
Павлодарда ер адам әйелі мен баласын бірнеше жылдан бері ұрып-соғып келеді. Бұл туралы #НеМолчиKZ қоры желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Автордың жазуынша, жәбірленуші полиция қызметкерінен көмек сұраған. Алайда, ол күйеуінің досы болғандықтан әйелге көмек қолын созбапты.
«Павлодарда әйелі мен баласын бірнеше жылдан бері ұрып келе жатқан абьюзер тұрады. Осы уақытқа дейін жәбірленушіден телефонын алып келген. Сондықтан бұрынғы соққыларының суреті сақталмаған. Оның аты - Ихиенов Ринат Кабдул-Уахитов. 26 мамыр күні әйелін аяусыз соққыға алып, телефонымен басынан ұрған. Соның әсерінен әйел еденге құлайды. Соққыдан ауыр дене жарақатын көп алған. Абьюзер сол түні оны ауруханаға алып барады. Өзінің полиция досы Тохтиев Арсамақты шақырған. Жәбірленуші ол полиция болғандықтан көмек сұраған. Алайда, ол үндеместен оны күйеуімен бірге үйіне апарып тастаған. Ешқандай шара қолданбаған. Абьюзер ЖШС «ГорКомХоз Аксу» директоры болып жұмыс істейді. Оның денсаулық сақтау және полиция бөлімінде таныстары көп», - деп жазады қор.
Осы жылдың 28 мамырында полиция жәбірленушіні өз қорғауына алып, 30 мамыр күні сот отырысы өткен. Алайда, ол тек ескерту алған.