Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Өте ауыр қылмыс үшін": әнші Бүркіттің түрмедегі видеосы тарады (ВИДЕО)

"Өте ауыр қылмыс үшін": әнші Бүркіттің түрмедегі видеосы тарады (ВИДЕО)
Коллаж: KYN.KZ
Сотталушыладың бірі колледжде оқып жүргенде ақшадан қысылып, заңсыз әрекетке әрекетке барыпты.

Әнші Бүркіттің жаза үйіндегі видеосы тарады. Ол Алматы прокуратурасы ұйымдастырған «Тоқта-есірткі» акциясының аясында түрмеге барып, сотталушылармен кездесті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат порталы.

Сотталушыладың бірі колледжде оқып жүргенде ақшадан қысылып, заңсыз әрекетке әрекетке барыпты. Бүркіт болса, Алматы прокуратурасы таратқан видеода оларға ақылын айтып жатыр. 

«Мұңаймаңдар! Бұл әрине сіздердің өмірлеріңізде өзгертуге келмейтін кезең, бірақ, ертең босап шыққан соң, осыны ұмытып, жаңа өмір бастауға тырысыңдар. Қатарластарыңа бұл дертке жоламасын деп ақыл айтыңдар, аман болыңдар! Өте өкінішті, бәрі біздің қазақтың жап-жас балалары. Өте ауыр қылмыс үшін 14,16 жастағы балалар жазасын өтеп жатыр. Олар есірткіні жерден көріп, қалтасына салғаны үшін ғана 3-7 жыл арқалап жатыр. Жастар, ұл-қыздар, бұған жоламаңдар! Ешқашан есірткі қолданбаңдар, оны таратпаңдар», - деді әнші жастарға.

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар