"Таксиге мініп кетті" деп өтірік айтқан": Абай облысында өлі табылған қыздың анасы қамауға алынды
- автор Томирис Тоныкөк
- 4 маусым, 2024
- 27.8k
Абай облысында бір апта бұрын із-түзсіз жоғалған қыздың өлі денесі табылды. 30 жастағы Динара Досымбекованы өлтірді деген күдікпен туған анасы қамауға алынды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.
Марқұм 26 мамыр күні жоғалып кеткен. Оның із-түзсіз жоғалғанын айтып анасы полицияға арыз түсіріпті. Тіпті ауылдан Семей қаласына бармақ болып, «қызым таксиге мініп кетті» деп өтірік айтқан. Алайда шаһардағы бейнебақылау камераларын түгел тексеріп, шарқ-ұрып іздеген полиция қызметкерлері Динараны таппады. Тек бір аптадан кейін өз қызын өлтіріп, мүрдесін жасырып тастады деген күдікпен туған анасы ұсталды. Қазір қандықол әйел қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр.
«Полиция қызметкерлері қабылдаған шаралардың нәтижесінде 30 жастағы қыздың жоғалып кету мән-жайы анықталды. Кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті әйел қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр, сараптамалар тағайындалды», – деді Абай облысы ПД бастығының орынбасары Елдос Зәкімов.