«Тырнақпен бірге тілдеріңіз өсіп кетпесін»: Нұрлан имам енесімен шығыса алмайтын келіндерге ақыл айтты (ВИДЕО)
- автор Анар
- 4 маусым, 2024
- 1.1k
Танымал Нұрлан имам қазіргі көп келіндердің көз жасына енелер кінәлі деп айыптады. Айтуынша, келіннің өмірін тозаққа айналдыратын аналар көбейіп бара жатыр. Сондай-ақ, келіндерге де ескерту айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
«Қазіргі көп жылаған келіндердің түбінде енелер бар. Көп енелердің келінге қиянаты көп. Балалардың отбасына араласып, ыдыс-аяққа араласып, туысқандарға жамандайды. Сөйтіп келіннің өмірін тозаққа айналдыратын енелер көбейіп бара жатыр. Балаңызды тым шектен жақсы көрсеңіз де оны түбі сіз бақпайсыз. Келінін 3-4 баламен қаңғытып жіберетін енелер де бар. «Бала белде, қатын жолда» деген ақымақ сөздері бар. Осылай біреудің обалына қала берген дұрыс па? Балаңызды жақсы көріңіз. Бірақ оны келіннен қызғанып, дұшпан қылып аласыз. Құдайда сізді сол келіннен қолына сүмірейтіп қаратып қояды. Сондықтан жамандамаңыздар. Одан келін өзгермейді. Жақсы келін қалайсыз ба, жақсы ата-ана бола біліңіз. Хатты қарап отырсақ, жылаған, боздаған, қайғырған келіндер көп. Сөздің соңы келінге міндеттісің деуден шығыңыз. Ешкім ешкімге міндетті емес», - дейді имам.
Бұдан бөлек, ол енелерге келінді тәрбиелемеуді және оған ақыл айтуды қою керектігін айтты. Сондай-ақ, кейбір кезде келіндерде де кінә барын атап өтті.
"Келіндерге де айтамын тырнақпен бірге тілдеріңіз өсіп кетпеуі керек. Таяқтың екінші жағы бар. Келіндерден де бар кішкене. Тырнақты өсірген кезде мына тілді де өсірмеңіздер. Мінезді де басуға тырысыңыздар. Содан кейін жігітке де айтқым келеді. Таңдап алған әйеліңізді ешкімге жығып бермеңіздер", - дейді Нұрлан имам.