Қоғам
Алтын мен ақшасын ұрлаған: Көкшетауда 83 жастағы зейнеткерді немересі тонап кеткен
- автор Анар
- 4 маусым, 2024
- 606
Немересі зейнеткерге басқа облыстан қонаққа келген
Ақмола облысында немересі 83 жастағы қарияны немересі тонап кеткен. Ол ақша мен алтынын ұрлаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, оқиға 29 мамырда Көкшетау қаласында болған. 83 жастағы қария полиция басқармасына өзін тонап кеткені туралы айтып, хабарласқан. Анық болғандай ұрлық жасаған 23 жастағы немересі болып шықты. Ол зейнеткерге басқа облыстан қонаққа келген.
“Полиция басқармасы осы фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады",- делінген хабарламада.