Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мәжіліс депутаттары Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заң жобасын қарауға алды

Мәжіліс депутаттары Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заң жобасын қарауға алды
qazaqjoly.kz
Заң жобасын Сабильянов басқаратын Экономикалық реформалар және өңірлік даму комитеті қарайды.

Мәжіліс депутаттары Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заң жобасын қарауға алды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. 

"Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" заң жобасын Сабильянов басқаратын Экономикалық реформалар және өңірлік даму комитеті қарайды.

"Заң жобалары Түркістан қаласын дамыту үшін тиімді институционалдық орталық құруға, Түркістан қаласының Қазақстанның рухани және тарихи орталығы ретінде қызмет ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге, қаланың тарихи келбеті мен тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтауға, Түркістан қаласына құқықтық және ұйымдастырушылық жағдай жасауды қамтамасыз етуге бағытталған", - деді депутат Нұртай Сабильянов.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар