"Мұхаммед пайғамбардың мазарына оңай кіріп кеттім": сүренің сиқыры барын айтқан қазақ жігіті сынға қалды (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 5 маусым, 2024
- 341
Меккеге барған қазақ жігіті Ясин сүресі арқылы Мұхаммед пайғамбардың мазарына кіруге болатынын айтып, сынға қалды, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Бұл туралы Саясат Қазбекұлы есімді желі қолданушысы Facebook парақшасында жазып, видео авторының бұл әрекетінің ақылға қонымсыз екенін айтты. Кадрдағы жігітті "дінкеш" деп атаған ол "дінге саналы адам жоламаушы еді" деп сынап тастады.
"Мынау топастықтың шыңы болды. Әңгіме былай: Мына дінкеш Мұхаммед пайғамбардың мавзолейіне зират етуге барады. Ол жерге кіру тіпті қиын. Медина қаласының админстрация өкілдері, дін өкілдері және арнайы күзет күштері ешбір адамды рұқсатсыз кіргізбейді. Рұқсатты арнайы сайтқа тіркеліп алу керек немесе QR код алу арқылы кіруге болады. Бұл мумин ештеңе алмаған,бірақ кіріп шыққан. Сүйтсек Ясин сүресінің 9 аятын оқып, аяқ асты көрінбейтін (человек невидимка) адамға айналып,қырғын күзеттің көзіне көрінбей өтіп кетіпті", - деп жазды ол.
Саясат Қазбекұлы Ясин сүресін жазып, пайғамбар мазарына кіргізгендердің өзін "топасқа" теңеді.
"Құран аяттарын теріс түсініп, лағып отыр. Оның үстіне өзгелерді арандатып отырғанын қара. Ясиннің 9 аятын оқып алсаң кезек алып, сайтқа тіркеліп (заң бұзып) керек емес, көрінбей өтіп кетесің деп өзге муминдерді заң бұзуға итермелеп отыр. Мекке және Медина қалаларындағы барлық тиымдар мен ережелер шариғатқа сай жергілікті әкімдік пен дін өкілдері бірлесіп бекітеді. Оны бұзу - харам. «Қасиетті жерде» жүріп харам нәрсе істеп жүр мына бейбақ және өзгелерді азғыруда... Мынаны көрген дінкештер 9 аятты оқып алып өтем деп ұсталады. Айыппұл арқалайды. Мынаған повезло, өзгелерге ондай мүмкіндік тумасы анық. Бұлар қазақ боп та жарытпайды ғой. Және мынандай шолақ ойымен дұрыс адамдарға да күн көрсетпес. Бұл топастарды дінмен тұсаулап ұстаған дұрыс па дедім", - деп жазды желі қолданушысы.