"Зәр ішкізіп, нәжіс берген": Динара Зәкиева Шымкенттегі асыранды балаларға қатысты сұмдық жағдаймен бөлісті
- автор Томирис Тоныкөк
- 5 маусым, 2024
- 409
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева асырап алған балаларға қатысты сұмдық жағдаймен бөлісті, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Ол оқиғаның Шымкентте болғанын жазып, ер адам оларға зәр ішкізіп мен нәжіспен тамақтандырған. Қазіргі күні ер адамға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Сонымен қатар мектеп педагогтері мен қорғаншылық органы қызметкерлерінің үстінен іс қозғалған.
Бұл туралы Динара Закиева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Бұл оқиғада біраз сұмдық бар. Соның бірі - балалардың үлкенінің сөзінше, асырап алушылар балаларға зәр ішкізіп, нәжіспен тамақтандырған", - деп жазды ол.
Сондай-аө бүған қатысты істің қалай жүргізіліп жатқанына да тоқталды.
"Аталмыш қылмыс бойынша біз ақпан айынан бері ҚР ІІМ, Бас прокуратура және Шымкент қаласының Балалар құқықықтары жөніндегі уәкілімен бірлесе жұмыс істеп келеміз. Іс сотқа жіберілді. Мектеп мұғалімдері және қамқоршылық органдарына қатысты да қылмыстық істер қозғалды, тергеу жүріп жатыр. Бұл кейінгі бірнеше айда бала асырап алған отбасылардың тарапынан болған азаптау анықталған 4-ші жайт", - деп жазды ол.
Ол үлкен баланың денесіндегі көгерген іздерді көрген мектеп мұғалімдеріне, сондай-ақ қорғаншылық органына қойылар сұрақ көп екенін атап өтті. Олардың да үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.