Тоқпен қылқындырған: Қостанайда әйелін өлтірген полицейге сот үкімі шықты
- автор Анар
- 5 маусым, 2024
- 271
Қостанайда өзімен бірге жұмыс істеген әйелін өлтірді деп айыпталған полицейге сот үкімі шықты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әріптес әйелін өлтірген полицейге үкім шығарды.
"Кінәлі деп танылсын, 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа тәртіптегі түзеу мекемесінде өтеп, полиция аға лейтенанты атағынан айырылсын", – деді судья.
Үкімді жариялап болған соң судья Аделия Хасенова шешімді түсіндіріп, кейбір мәліметерді жариялады.
2023 жылдың 31 қазанында ер адам ас үй бөлмесінде әйелімен жанжалдасып қалған. Артынша оны ұзартқыш тоқпен қылқындырып, әйелінің денесін күшпен басқан. Ары қарай қылмысын жасыру үшін марқұмның денесін гаражға апарып, өзін-өзі өлтіргендей етіп тоққа іліп қойған.
Ұқсас жаңалықтар
Жүргізуші куәлігін алу қиындай түсті: өзгерістер енгізілді
- авторТомирис Тоныкөк
- 11 қазан, 2024