Қоғам
Айкөркемнің өліміне қатысты іс: Жоғарғы сот әскери қызметші Арман Жұманға тағылған айыпты алып тастады
- автор Анар
- 6 маусым, 2024
- 876
Осы жылдың наурыз айында Арман Жұманды сот кінәлі деп танып 7 жылға бас бостандығынан айырған болатын
Жоғарғы сот 2022 жылы Қаңтар оқиғасында оққа ұшырап қаза тапқан 4 жасар Айкөркем Мелдеханның өліміне кінәлі деп танылған әскери қызметшіге тағылған айыпты алып тастады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Осы жылдың наурыз айында кішкентай бүлдіршіннің өліміне әскери қызметші Арман Жұманды кінәлі деп танып, оны 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарған болатын.
Алматы гарнизондық соты Жұманды кінәсіз деп таныды.
4 маусым күні Жоғарғы сот Арман Жұманға тағылған айыпты алып тастады. Іс қайта қаралымға жіберілді.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Жүргізуші куәлігін алу қиындай түсті: өзгерістер енгізілді
- авторТомирис Тоныкөк
- 11 қазан, 2024