«Қандай еңбектері үшін»: «Қазақстанның құрметті азаматы» атанған әншілер сынға қалды
- автор Анар
- 6 маусым, 2024
- 1.7k
«Қазақстанның құрметті азаматы» атағына ие болған өнер иелелері көпшіліктің сынына ұшырады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Аталмыш марапатты әнші Нұржан Қалжан, Рухия Байдүкенова, Фарида Жолдасова, актриса Жұлдызай Дүйсенбиева мен актер Еркебұлан Тоқтар алған. Олар қуанышты жаңалықтарын желідегі жеке парақшаларында бөлісті.
«Бүгін негізі мен қандай марапат алатынымды білмей келдім. Қоғамдық медаль “Қазақстан Республикасының құрметті азаматы” төсбелгісі бұйырыпты. Рақмет, елім! Өнеріммен халыққа қызмет етуден жалықпаймын.Әлі де үлкен жұмыстар күтіп тұр. Менің өмірлік басты ұстанымым – таза еңбек,таза жол. Бұл мемлекеттік награда емес, қоғамдық марапат!, – дейді Рухия Байдүкенова.
Әнші Нұржан Қалжан да марапатқа ие болғанын айтып, кеудесіне орденін тағып көрсетті.
Бүгін Астанада осындай марапатқа ие болдым ағайын. "Қазақстан Республикасының құрметті азаматы" төсбелгісіне ие болдым. Құттықтап шабыт беріп қойыңыздар. "Болар елдің баласы бірін бірі батырым дер" деп, қолдап қуанышымды қуанышқа жалғап жатсаңыздар содан асқан бақыт жоқ менде. Бұл жай төсбелгі, дегенмен де өзім шабыт алып, әлі алда талай жұмыс тұрғанын сезініп қайттым, – деп жазды Нұржан Халжан.
Алайда, әлеуметтік желі қолданушылары өнер иелерін сынап жатыр.