Қазақстандық балуан Юсуп Батырмырзаев үш дүркін әлем чемпионын жеңді
- автор kyn.kz
- 6 маусым, 2024
- 2.6k
Мажарстан астанасы Будапештте өтіп жатқан рейтингтік турнирде қазақстандық балуан Юсуп Батырмырзаев Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері, әлемнің үш дүркін чемпионын мерзімінен бұрын жеңді.
Аса ауыр салмақ дәрежесінде күресетін ақтөбелік Юсуп Батырмырзаев жарысты ширек финалдан бастады. Ол алғашқы белдесуінде мысырлық балуанды 6:1 есебімен ұтып, жартылай финалға шықты. Финалға шығар сында ол грузиялық балуан, Рио және Токио Олимпиадасының жүлдегері, үш дүркін әлем чемпионы Гено Петрошвилиді ұтты.
Сондай-ақ аталған сында әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері Азамат Дәулетбеков алғашқы айналымда Токио Олимпиадасының қола медаль иегері санмаринолық Майлз Аменемен сынға түседі. Егер жеңіске жетсе, екінші кезеңде венгриялық балуанмен белдеспек. Бұдан бөлек 97 келіде Париж Олимпиадасына қатысатын Әлішер Ерғали түрік спортшысын жеңді. Ал әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан жарысты ширек финалда мысыр балуанынан есе жіберді.
Ұқсас жаңалықтар
Талдықорғанда допинг дауына іліккен спортшы Қазақстан чемпионы атанды
- авторТомирис Тоныкөк
- 19 қараша, 2024