Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

2024 жылы Білім беру гранттары байқауына өтініш 13 шілдеден бастап қабылданады

2024 жылы Білім беру гранттары байқауына өтініш 13 шілдеден бастап қабылданады
kzvesti.kz
Биыл жоғары оқу орындарында оқу үшін 112 мың грант бөлінген. Оның 79 мыңға жуығы бакалавриат бөлімінде білім алуға арналған.

Негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесі бойынша талапкерлерден білім беру гранттара құжат қабылдау 13 шілдеде басталады, деп хабарлайды KYN.KZ aқпарат агенттігі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, талапкерлер өтінішін EGov арқылы онлайн форматта немесе ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта тапсыра алады. Құжаттарды қабылдау кез келген ЖОО (орналасқан жері бойынша) арқылы жүзеге асыруға болады.  

Шалғай өңірлерден келген талапкерлерге ыңғайлы болу үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында Виртуалды қабылдау комиссиялары жұмыс істейді. Олар бейнебайланыс арқылы кеңес береді және конкурсқа құжаттарды тапсыруға көмектеседі. Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін ең төменгі ұпайлар Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жазылған, – делінген хабарламада. 

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар