Tik-Tok-та өзгенің ар-намысына тиетін сөздер айтқан әйелге жарты миллионға жуық айыппұл салынды
- автор kyn.kz
- 6 маусым, 2024
- 419
Сот әйел жүктеген бейнеролик жәбірленушінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірді деп шешті. Бейне TikTok әлеуметтік желісінде тараған.
"Көбінесе әлеуметтік желілерде бейнелерді жариялау кезінде адамдар жағдайды жан-жақты және объективті түрде ашпайды, өз көзқарастарын білдіруді жөн көреді. Алайда жала жапқаны үшін заң бойынша жауап беруге тура келеді", - делінген сот хабарламасында.
Іс материалдары бойынша, 2023 жылдың қарашасында азамат К.жарнама сайты арқылы баласына марғау іздеген. Хабарландыруды жариялаған А. Хакимовамен сөйлескеннен кейін К. марғауды сатып алуды шешкен. Алайда көп ұзамай оған бейтаныс әйел қоңырау шалып, әлеуметтік желілерде ол туралы ақпарат бар екенін хабарлаған. 2023 жылдың 11 қарашасында Хакимова К. - ның суретімен ар-намысқа тиетін жазба жариялаған.
Бұл жазбаны жәбірленушінің туыстары, балалары көріп күйзеліске түскені анықталды. Сондықтан ол полицияға жүгінуді жөн деп шешкен.
Жәбірленуші айыпталушымен татуласқысы келмейтінін айтты. Психологиялық-филологиялық зерттеу көрсеткендей, постта адресат туралы оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жағымсыз мәліметтер бар.
Сот Хакимованы көрінеу жалған мәліметтерді жария түрде таратқаны үшін кінәлі деп тауып, 180 АЕК (664 560 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл тағайындады. Құқық бұзушының жеке басын және жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, айыппұл сомасы 30% - ға қысқартылып, 465 192 теңгені құрады.