Су тасқыны: Петропавлда зардап шеккен 53 отбасы іші жиһазға толы баспанаға ие болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 7 маусым, 2024
- 1.0k
Петропавлда тасқыннан зардап шеккен 53 отбасына жаңа баспананың кілті берілді. Кәсіпкерлердің қаражатына тұрғызылған үйлер Бірлік шағынауданында 40 күнде салынып біткен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Осылайша бригада тәулік бойы жұмыс істеп, баспаналардың құрылысын тез арада бітіруге тырысқан. Жаңа үйлер толығымен дайын, іші жиһазға толы.
Енді алдағы уақытта шағынауданда балабақша мен мектеп салу жоспарланған. Аймақ басшысы тұрғындар үшін соңғы екі ай қиын кезең болғанын айтады. Бір мезетте барынан айрылып, эвакуция пункттерінде түнеген халықтың қуанышында шек жоқ.
Алдағы уақытта мұнда тағы 700 үй бой көтермек.
«Алғашқы күннен бастап біз халықтың тез арада баспаналы болуына әрекет еттік. Қолдан келгеннің бәрін жасадық. Осылайша 40 күнде «Қазақстан халқы» қорының қаржысына алғашқы 53 үйдің құрылысын бітірдік. Жаңа үйлер толығымен дайын», - дейді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.