Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Үш жұдырық»: Меломан тобының әншісі Ғабиттің бұрынғы әйелі одан бес жыл бойы таяқ жегенін айтты

«Үш жұдырық»: Меломан тобының әншісі Ғабиттің бұрынғы әйелі одан бес жыл бойы таяқ жегенін айтты
Сурет: әлеуметтік желі
Нұрила күйеуінің ұратыны туралы көпшіліктен жасырып келген

“Меломан” тобының әншісі Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелі бес жыл бойы қалай таяқ жеп келгені туралы айтты. Бұл туралы ол журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында бөлісті.

Нұрила Ақберен күйеуімен алты жарым жыл бірге тұрған. Ол үй шаруашылығында отырған бес жылда тек таяқ жеп келген. Мұндай қорлыққа шыдай алмаған блогер келіншек Ғабитпен ажырасып кеткен.

«Үш баламен ажырасып кеттім. Екі жылдан бері бөлек тұрып жатырмын. Ажырасқаннан кейін, балаларға алимент те сұрамадым. Ол кісі тек балабақшасын ғана төлейді. Біздің ортақ келісіміз осы болған. Мүмкіндігінше ақшасы артық болып жатса беріп тұрады. Өзім еңбекке ерте араласқандықтан, қаржылай тәуелсіз болдым. Декретте отырғанда табыс табуды үйреніп алдым. Ақшам болғасын, алиментке басымды ауыртқым келмейді. Соңғы кезде “алиментке беремін-ау” деген ой келіп жүр. Ауызекі келісім ештеңені шешпейді екен. Бәрін заң жүзінде болғанын қалаймын”, – дейді блогер.

Айтиуынша, Нұрила күйеуінің ұратыны туралы көпшіліктен жасырып келген. Бірақ соңғы таяқ жеген күні «Мүгедек болып қалмаймын ба» деген ойға келіп, кетуге шешім қабылдаған.

«Мен жеке парақшама шындықты жаза бастағанда ол кісінің туысқандары маған ренжіді. “Елге танымал өнер адамының атына күйе жақтың” деп айыптады. Сол кезде менің намысым мен арымды ешкім ойлаған жоқ. Бәрі балалы болғаннан кейін басталды. Мен жалған үмітпен өмір сүрдім. Адам өзгереді, отбасылық өмір осындай кезеңдерден тұруы керек деп қате түсінік таныттым. Бишімбаевтың ісін көріп отырып, қатты ауыр күйге түстім. Өйткені ешқашан өліп қаламын деп ойламайды екенсің. Соңғы кездегі соққыдан кейін, “мүгедек болып қалмаймын ба, менің кетуім керек” деген ой келді. Шапалақпен ұрдым дегенінің өзі – үш жұдырық. Соны түсіну керек», – дейді Нұрила Ақберен.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар