Мәдениет
"Отбасымызға – 5 жыл": Айнұр Тұрсынбаева күйеуімен некелескен күнін есіне алды
- автор Томирис Тоныкөк
- 11 маусым, 2024
- 2.4k
Айнұр Тұрсынбаева некелескен күнін еске алып, күйеуінен сыйлық сұраған
Танымал айтыскер ақын, коуч-психолог Айнұр Тұрсынбаева жолдасы Нұржан Иманәлиевпен некелескеніне 5 жыл толғанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Өнер иесі бұл туралы өз Instagram парақшасында жазды. Қазір ол Стамбул қаласында тұрып жатыр.
“Бүгін біздің отбасымызға – 5 жыл. 2019 жылы 9 маусымда некеміз қиылған. Нұрекеңнен “Бүгін қандай күн?” деп сұрамаймын ба, сөйтсем “Жексенбі ғой” дейді. Ал мен бүгін не сыйлайды екен деп ұйықтамай шықтым”, – деп жазды айтыскер ақын.
Келесі мақала