Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Биыл құрбандықты онлайн шалуға болатын сайт іске қосылды

Биыл құрбандықты онлайн шалуға болатын сайт іске қосылды
Сурет: dumrt.ru
Сайтта белгіленген баға бойынша қойдың құны - 75 мың теңге

Биыл онлайн құрбан шалуға мүмкіндік беретін арнайы сайт іске қосылды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Аталмыш сайт арқылы құрбандыққа шалатын малды таңдап алуға болады. Сонымен бірге, құрбан етін алуға да өтініш қалдыра алады.

«Сайт арқылы құрбандық малын таңдап, Kaspi QR арқылы қажетті қаражатты аударуға болады.  Қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйе малын бір немесе 7 адам бірігіп шалса болады. Тапсырысыңыз сәтті өтсе, ұялы телефоныңызға смс хабарлама келеді. Құрбандық шалынған соң оның фото және бейне есебі тапсырыс беруші көрсеткен нөмірге жіберіледі», – делінген діни басқарма хабарламасында.

Сайтта белгіленген баға бойынша қойдың құны 75 мың теңге. Ірі қараның бағасы – 490 мың теңге (оны жеті адам бірігіп шалса, орта есеппен әрбіріне 70 мың теңгеден шығады).

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар