Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Сенің анаңа жаман жасағаныммен, саған жамандық жасамадым»: Тұрсен Алагөзов балаларымен қарым-қатынасы жайлы айтты

«Сенің анаңа жаман жасағаныммен, саған жамандық жасамадым»: Тұрсен Алагөзов балаларымен қарым-қатынасы жайлы айтты
Сурет: instagram.com/tursenalaguzov
Кәсіпкер өзінің жақсы әке болғанын алға тартты

Белгілі бизнесмен, кәсіпкер Тұрсен Алагөзов бірінші некесінен дүниеге келген балаларымен қандай қарым-қатынаста екенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

"Бизнесімді қайтарғаннан кейін балаларыма көмектесуге мүмкіндік пайда болды. Қызым - 33 жаста, ұлым 28 жасқа толады. Қызым тұрмыста, оның күйеуі мен баласы бар. Ол қыз болғандықтан, оған көбірек көмектесуге тырысамын. Мен жақсы әке болдым. Баланы мектепке апардым, мектепте ата-аналар комитетінің өкілі болдым, сыныпта жөндеу жұмыстарын өзім жасадым, жиһаз сатып алатынмын. Қызымның мектептегі өміріне белсенді араластым. Сондықтан бұлар оның есінде деп ойлаймын. Түсінемін, анасы үшін ренжіген болуы мүмкін. Бірақ уақыт емші. "Сенің анаңа жаман жасасам да, саған жамандық жасамадым ғой" деп айтамын. Біз қазір қарым-қатынасымызды қалыпқа келтіріп жатырмыз. Ұлыммен күн сайын сөйлесеміз. Немерелерімді көріп тұрамын. Қызым балалы болғанда мен қонақ болып барып қайттым", - деді кәсіпкер.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар