«Жалаңаштанып шешініп тастаған»: Қостанайда 12 жасар қызды зорлады деп айыпталған ер адам ұсталды
- автор Томирис Тоныкөк
- 13 маусым, 2024
- 592
Қостанайда 12 жасар оқушыны зорлады деген ер адам ұсталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
57 жастағы ер адам қыздың апасымен бірнеше жылдан бері бірге тұрып келген. Қызды кішкентай күнінен бері білген.
«Осы жылдың қаңтар айынан бастап қорқыту арқылы жасаған жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылықтың бірнеше эпизодтары болған. 13 сәуірде қыз әжесінің пәтерінде онымен жалғыз қалып қойғанда, ер адам жалаңаштанып шешініп тастаған. Анасы жұмыстан кеш шығатын болған соң, әдейі қызды үйіне апарған болып келесі жоспарын орындай бастаған. Сол уақытта оны қыз жалаңаш күйінде суретке түсіріп үлгереді», - делінген хабарламада.
Осыдан кейін қыз анасына айтып беріп, ол бірден полицияға хабарласқан.
«Сәуір айында кәмелетке толмаған қызға қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс бойынша барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады. Тергеу мүддесі үшін бапқа сәйкес. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды», - деді жергілікті өңірдің полициясы.