«Жамбасын ұстап, сүйген»: Құран оқуды үйрететін ұстаз оқушы қыздарды бірнеше рет зорлаған
- автор Томирис Тоныкөк
- 13 маусым, 2024
- 788
Германияда 30 жастағы сириялық ер адам 5 пен 9 жас аралығындағы алты қызға зорлық-зомбылық жасады деген айып тағылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Bild Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Оның үйіне ата-аналары қыздарын араб тілі мен Құраннан жеке дәріс алу үшін апарған.
Тергеушілердің мәліметінше, алепполық Захед 2018 жылдан бері өз пәтерінде кем дегенде 11 рет кішкентай қыздарды зорлаған. Айыптау қорытындысы бойынша, ол қыздардың жамбасын ұстап, оларды сүйген.
Басқа тағы екі оқушы жартылай жалаңаштап, тізерлеп отыруға мәжбүрлеген. Бұл туралы қыздар өздері айтып берген. Кейін тағы бір шәкіртін зорлағаны белгілі болды.
Алайда, күдікті өз кінәсін толығымен мойындамады.
Айта кетейік, былтыр Солтүстік Рейн-Вестфалияда балаларды зорлау көбейген. Қылмыс статистикасы өткен жылмен салыстырғанда 22,6% өсіп, 5065 оқиға болған.