«Итше сүйреп тастай салды»: Ахметбек Нұрсила көлігін бүлдіргені үшін зейнеткерді өлтірген атыраулық туралы айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 13 маусым, 2024
- 863
Белгілі кәсіпкер Ахметбек Нұрсила көлігін бүлдіргені үшін азаматты ұрып өлтірген атыраулық туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол өзінің facebook парақшасында жазды. Кәсіпкер көлігін бүлдіргені үшін кісі өлтірген ер адамның сотын Бишімбаев секілді ашық өткізуді ұсынды.
«10 000 теңге үшін ұрып-ұрып өлтірді де, итше сүйреп тастай салды! Бәріміз осы сақалитті кіналап, олармен күресу жайлы айтып жатырмыз. Бұлар салдары, себебі тереңде Ағайын!
Алдымен Өзбекстандағыдай бүкіл уағызшы, имам, молдаларды ауыздықтау керек! Бұларды өсіріп шығарып жатқан солар! Ертең сенің әкеңді. өзіңді осылай итше тепкілеп өлтірмесіне кім кепіл? Бұл бірінші жағдай емес қой? Халық болып қорғанбасақ күніміз мүшкіл болады!
Парламент депутаттарын, ҰҚҚ ін, Президетті белгіліп барынша бөлісіңіздер! Шара қолданбасақ кеш қаламыз! Бұндайларға ӨЛІМ жазасын сұрау керек және сотын Бишімбаевтың сотындай ашық өткізу қажет! Соны талап етейік!», - деді Ахметбек Нұрсила.