Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Жер жұтып кетті ма»: Журналист жоғалып кеткен алтын сатушы әйел мен суға секірген студент туралы айтты

«Жер жұтып кетті ма»: Журналист жоғалып кеткен алтын сатушы әйел мен суға секірген студент туралы айтты
Сурет: Видеодан скриншот
Журналист ұшты-күйлі жоғалып кеткендердің тізімін жасады

Соңғы уақытта із-түссіз жоғалып кетіп жатқандар саны көбейген. Бұл туралы журналист Гүльмира Әбіқай өз Instagram парақшасында бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Жоғалғандардың бірі 5 баласы бар тараздық әйел банкоматтан ақша алуға кеткеннен сол күйі оралмаған. Ал оқуын қызыл дипломға бітіргелі жүрген студент Ертіс өзненіне секіріп кеткен. Бір ай бойы іздеу жұмыстары жүргізілуде. Туыстары тіпті экстрасенске дейін барған. Ол марқұмның деенсін ағыс тым алысқа әкеткенін айтқан.

«Нұрсая Тараз қаласынан, отбасы, 5 баласы бар әйел. Жасы 32-де. Бір ұлы қант диабетімен ауырады, мүгедектік алады. Кенжесі 9 айлық емшектегі бөпе. Жексенбі күні таңертең мүгедектік пен 5 баланың жәрдемақысын алуға банкоматқа кетеді, содан жоқ. Кешкі 5-терде анасына хабарласқан “Ақшаны шештім, алдым” депті. Содан кейін Нұрсаяны көрдім-білдім деген жан баласы жоқ. Ешқандай бейнекамераға түспеген, із жоқ. Универ бітіріп Қызыл диплом аламын деп жүрген үздік түлек Өскемендегі Ертіс өзеніне секіріп кетеді. Содан бері бір айға жуық уақыт өтті. Ақтөбелік аутизм диагнозы бар жасөспірім таңертең үйден шығып кетіп, ел болып 5 күн іздедік. Өкінішке қарай, Кәрімнің денесі Сәмедов айтқан су түбінен табылды. Ал, кезбе дертіне ұшыраған Әйгерім жаяулатып Алматыдан Шымкентке жетіпті. Емшектегі баласы бар Нұрсаяны ойлап, 5 балаға жаным ашып бүгін Кямранды күні бойы мазаладым. “Тірі! Іздесе табады не бүгін хабарын береді. Бірақ, ойында суицид бар, өмірден баз кешкен. Әйел қиын жағдайда, оның не үшін өз-өзін өлтіруді ойлағанын біліп, көмектесу керек” деді. Айтпақшы, сіздер көп сұрайтын Жетісайлық алтын сататын әйел мен Талдықорғандық Шолпан сол күйі (ресми) табылмады», - деп жазды журналист.

Алайда, жазба жазылып жатқанында Нұрсаяны тапқандары туралы хабар жеткен. Бірақ туысы әйелдің есінен адасқанын айтқан.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар