Түркістан облысында кәсіпкерлерді «бопсалағыш блогерлер» ұсталды
- автор Томирис Тоныкөк
- 14 маусым, 2024
- 890

Түркістан облысында бопсалаумен айналысқан блогерлер ұсталды. Олар жылдар бойы Сайрам ауданындағы түрлі ұйымдардың басшыларын қорқытып келген. Күдіктілер бейнематериалдарды әлеуметтік желіге жарияламас үшін ақша талап етіп отырған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Оңай олжаны көздегендер кезекті «саудаласу» кезінде қолға түсті. Олардан көбірек зардап шеккен — мемлекеттік қызметкерлер. Күдіктелер көбінесе арандату бағытындағы видеоролик түсіріп, кейін өшіріп тастау үшін ақша сұраған. Келісімнің орташа бағасы 100 мың теңгеден басталады. Қазір екі блогерге бопсалаудың бірнеше дерегі бойынша іс қозғалды.
«Қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынып, заттай дәлелдемелер тәркіленді. Күдіктілердің бірі бұрын сотты болған», - деді Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары, Әбибулла Ізетуллаұлы.
Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстау облысында екі әкім есірткіге қатысы бар деген күдікпен ұсталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 қыркүйек, 2025
Алматыда жылу беру маусымы қашан берілетіні қашан басталатыны белгілі болды
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 қыркүйек, 2025