Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«9 жылға қамалады»: әйеліне қол көтеретін еркектер енді қылмыстық жауапкершілікке тартылады

«9 жылға қамалады»: әйеліне қол көтеретін еркектер енді қылмыстық жауапкершілікке тартылады
Сурет: Ашық дереккөздерден
Әйелін өлімші етіп сабамаса да, денесіне қасақана жеңіл жарақат келтіргендер 50 тәулік темір торда отыруға тиіс.

Отбасының берекесін қашырғандар бұрынғыдай әкімшілік емес, енді қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Заңдағы бұл оң өзгерістер 16 маусымнан бастап күшіне енбек. Құжаттағы нормалар қазірдің өзінде жалпақ жұрттың санасына әсер етуде дейді депутаттар, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

«Бұл заң 2019 жылы алғаш мемлекет басшысы Президент болғаннан бастап осыған бағыт бағдар алған. Оның негізгі тектіктері —  әйел қауіпсіздігі, бала қауіпсіздігі, әйел құқықтары, жалпы азаматтардың құқығын қорғау. Бұл жерде тек әйел деп айтуға болмайды. Себебі зорлық-зомбылық жасаған кез келген адам осы нормаларға байланысты жауап береді», - дейді Сенат депутаты Амангелді Толамисов.

Ең көп талқыланған заңдағы өзгерістердің ішінде бала құқығына қатысты реформалар көптің көңілінен шыққан. Енді кәмелетке толмағандарға қол жүгірткен педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылады. Баланы буллингтің астына алып, суицидке итермелегендер де 5 - 9 жыл арасында абақтыға қамалады. Ал әйелін өлімші етіп сабамаса да, денесіне қасақана жеңіл жарақат келтіргендер 50 тәулік темір торда отыруға тиіс.

«Қазақстанда әр адам өзін қауіпсіз сезінуі керек. Соңғы кезде педофилдердің көбейгенін байқап отырмыз. Сондықтан заңдағы осы озбырларға қатысты өзгеріс баршамызды қуантқаны сөзсіз. Енді олар өмір-бақи түрмеде отыратын болады. Әр аймақта өз баласына жауыздық жасаған ата-аналарды да көзіміз шалуда. Енді мұндай адамдармен де әңгіме басқаша болады», - деді Сенат депутаты Нұрия Ниязова.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар