Қоғам
«Өзім білемін не істесем де»: Тоқалдан таяқ жеген бәйбіше көмек сұрады (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 14 маусым, 2024
- 6.3k
Бәйбіше мен тоқал болып бір үйде тұрған
Күйеуі алып келген тоқалмен бірге тұрған бәйбіше одан таяқ жегенін айтып, көмек сұрады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол «Көреміз» бағдарламасында баяндап берді. Өзі жетім өскен Татьяна тоқалмен бір үйде сыйыса алмай, уақыт өте келе үйге таласу басталған.
«2021 жылы үйге тоқал алып келген. Менің баратын жерім болған жоқ. Ажырастық, бірақ бірге тұрдық. Екі баласымен сүйіп қалдым деді», - дейді Айша.
Тоқал бәйбішені ұрып-соғып, оның үйін талқандап кеткен. Тіпті «Ол сенің үйің емес. Өзім білемін не істесем де. Оны саған менің байым алып берген» деген секілді хаттар жазыпты.