“Мұрнына тиіп кетті”: “Меломен” тобының әншісі өзін ұрды деген экс-әйелінің сөзін жоққа шығарды (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 17 маусым, 2024
- 1.5k
“Меломен” тобының әншісі Ғабит Бибасұлы бұрынғы әйелінің таяқ жеген видеосына қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Әнші тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы екенін жеткізіп, өзін тиран дегендерге жауап берді. Айтуынша, ол Нұрила Ақбереннің мұрнынан ұрып жарақаттақысы келмеген, жәй ғана қолы тиіп кеткен.
“Видео салыпты. Мен бар шындықты айтамын, ешқандай қоспасыз, бояусыз. Мен өзім зорлық-зомбылыққа қарсымын. Бүкіл халық, ел, әлем қарсы. Екі қыз тәрбиелеп отырмын өзім де. Айыптап, тиран деп жатыр. Өзім ажырастым деп айтуға ұялып жүрген адам едім. Рөлде келе жатыр едік. Ұрыс басталып кетті. Ол да айғайлап кетті, мен тоқта болды дедім. Баяғы нәрсені қозғап кетеді. Мен ұрған жоқпын. Қолыммен қойшы деп қалғанымда мұрнына тиіп кетті. Жұдырықпен емес. Мұрны қанап кетті. Ер адамбыз ғой ашуланып кеттім. Әдейілеп ұру табиғатымда жоқ нәрсе. Ары қарай үйге бардық кешірім сұрадым. Ол да екі күннен соң кешірім сұрады”, - дейді ағынан жарылған әнші.
Айтуынша, бұл ұрыстан кейін екеуі татуласып қарым-қатынастары жақсарған. Алайда, өтіп кеткен нәрсені бұрынғы әйелінің желіге неліктен таратқанына таңқалыпты. Одан ары қарай мұндай видеоларды жарияламауын өтінді. Сондай-ақ өнер иесі бұрынғы әйелін хейтерлерден қорғайтынын жеткізіп, бұл мәселеге психологтар мен коучтарды кінәлады.
Күзде студенттердің шәкіртақысы екі есе өсетін болды
Ұқсас жаңалықтар
«Анамның кастингінен өтті»: Бүркіт Аишаны қалай таңдағанын айтты
- авторТомирис Тоныкөк
- 5 желтоқсан, 2024