Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Бір-біріне жаны ашымайды": тележүргізуші қазақ қоғамының мәдениетсіздігін атады

"Бір-біріне жаны ашымайды": тележүргізуші қазақ қоғамының мәдениетсіздігін атады
Сурет: Ашық дереккөздерден
Біреудің уақытын сыйлау деген атымен жоқ.

Белгілі тележүргізуші Данияр Есен қазақтардың мәдениетсіз тұстарын айтты. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, қазақтар өзімшіл. Олар бір-бірінің уақытын сыйламайды екен.

"Қазақ қоғамы - эгоист. Бір-біріне жаны ашымайды. Тек өзіме тиімді болса екен дейді. Біреудің уақытын сыйлау деген атымен жоқ. Қарапайым ғана мысалдар. Автокөлігін кез-келген жерге қойып кете салады. "Басқа машинаға бөгет жасаймын ба, жасамаймын ба?" деп басын ауыртпайды. Өзіне ыңғайлы болса, болды. Қояды да кетеді. Дөңгелегін теуіп, шырқырап екінші машинаның иесі қалады. Дүкенде де сол жағдай. Лентада товарың өтіп жатқан кезде, телефоныңды ашып, Каспий QR-ыңды дайындап тұруға болады негізі. Басқа адамның уақытын үнемдеу үшін. Жоқ, біз ондай емеспіз. Асықпаймыз. Маңғазданып, қалтамыздан телефонымызды шығарамыз. Жан-жағымызға асықпай бір шолу жасап, кодымызды теріп, одан кейін барып, керіле-созыла төлем жасаймыз. Банкоматтың алдында да осы жағдай. ИИН-ді қағазға жазып алып, ақшамызды санап алып, алдын-ала дайындалып бармаймыз. Банкоматқа дейін біреумен сөйлесіп тұрамыз да, кезегіміз келгенде, жанталасып сөмкемізді ашып, ақшамызды, картамызды іздейміз. Өзімізден кейінгі ұзын-сонар кезекке мұрнымызды шүйіріп бір қараймыз. Өзімізге ыңғайлы болса-болды. Міне, біздегі мәдениеттің үлгісі осы. Бір-біріміздің уақытымызды сыйламайтын болдық. Ары қарай қалай болатыны белгісіз", - деп жазды тележүргізуші.

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар