Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Бұтын ашып ұлтты қорлайтындар»: Айгүл Орынбек қазақ үйде жартылай жалаңаштанып эротикалық билегендерді жазалауды сұрады

«Бұтын ашып ұлтты қорлайтындар»: Айгүл Орынбек қазақ үйде жартылай жалаңаштанып эротикалық билегендерді жазалауды сұрады
Сурет: Видеодан скриншот
Бұл арсыздарға “тоқта” деп айтатын бұл елдің үкіметі қайда қарап отыр?

Құқық қорғаушы Айгүл Орынбек киіз үйде жартылай жалаңаштанып билегендерге жаза қолдануды сұрады. Бұл туралы ол өзінің жеке парақшасында жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, ұлттық мәдениетімізді қорлағаны үшін провокаторларға қатаң заң орнату керек. Көрші мемлекеттерде мұндай бұттарын ашып, ұлттың намысына тигізіп, билетіп қоймайтынын алға тартты.

«Уа, Олжас Бектенов басқарып отырған “Естуші Үкімет”! Ұлттық мәдениетініміздің атрибуттарын қорлап, ұлттың ашуына тиетін провокаторларға қатаң заң керек! Қылмыстық кодекстің 174 бабына өзгерістер енгізу керек! “Ұлттық нақыштарға” деген сөзді қосу керек!
Өзбекстан, Қырғызстанда бұларды осылай бұттарын ашып талтаңдатып билетіп қоймайды. Ал Қазақстанда әркім білгенін істеп жатыр.
Бұл арсыздарға “тоқта” деп айтатын бұл елдің үкіметі қайда қарап отыр?

Мәдениет министіріміз Aida Balayeva ханым!
Қазағымды қорлайтындар қашаңғы сахнада, экран беттерінде осылай тайраңдайды? Қолына микрафон ұстағандармен емес, бұтын ашып ұлтты қорлайтындарға қарсы күресті күшейтіңіз!
Ал әзірше, ҚР Қылмыстық кодексінің 174 бабымен іс қозғаңыздар Ержан Саденов мырза!
Ұлттың арасында алауыздық туғызғаны үшін, бұлар жәй кешіріммен құтылып кетпеу керек! Етегі жиналмайтын, кім көрінгендер қорлай беретін сорлы ел болдық!», - деп жазды ол.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар