Қоғам
Атырау облысының экс-әкімінің бұрынғы әйелі сот шешіміне наразы
- автор Томирис Тоныкөк
- 19 маусым, 2024
- 754
Экс-әкімнің бұрынғы әйелі сот шешіміне келіспейтінін айтты
Атырау облысы Мақат ауданы экс-әкімінің бұрынғы әйелі Ақмарал Үмбетқалиева сот шешіміне наразылығын білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол шыққан үкімге ішінара апелляциялық шағым түсіруге ниетті екенін мәлімдеді.
"Мен моральдық шығын өндіру есебіне риза емеспін. Біз 20 миллион теңге өндіруді сұрадық. Сол үшін үкімге шағымданатын боламыз. Ал бас бостандығын шектеу мерзіміне қатысты шағымданбаймын. Қазір заңгермен балаларға қатысты ойланып жатырмыз. Олардың менімен тұруына қол жеткіземіз", - деді Ақмарал.
Бұған дейін Атырауда бұрынғы әйелін ұрды деп айыпталған Мақат ауданының экс-әкімі Ринат Ибрагимовке қатысты сот үкімі шыққан болатын.
Келесі мақала