Мәдениет
«Менің үйім қайырымдылық қордың кеңсесі емес»: Ырысбала Икрамбай есігін қағып көмек сұрағандарға ренжіді
- автор Томирис Тоныкөк
- 20 маусым, 2024
- 557
Блогер түннің жарымда есігін қағып, көмек сұрайтындар туралы айтты
Белгілі блогер Ырысбала Икрамбай кейбіреулер көмек сұрап үйіне баратынын айтып, шағымданды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол Instagram желісіндегі парақшасында қазір жүкті болған соң қайырымдылықпен айналыспайтынын жазды.
"Дәл қазір сағат түнгі 00:30. Үйдің есігін бір кісі қағып, көмек сұрайды. Өз мәселеңіз бен тыныштығыңыз үшін өзгенің тыныштығын бұзу қаншалықты дұрыс? Әр нәрсенің шегі бар. Ұят деген болу керек. Менің қазір аяғым ауыр, денсаулығыма байланысты қайырымдылықпен айналыспаймын. Менің үйім мемлекеттік мекеме я бір қайырымдылық қордың кеңсесі емес. Түсіністікпен қараңыздар", - деді Ырысбала.
Ұқсас жаңалықтар
Мәдениет
"Проблемам бітпей кетті": Сәкен Майғазиев жұртқа өз ақылын айтты
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 желтоқсан, 2024