Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Референдум-2026

Павлодар облысында терезеден құлаған әйел ағашқа ілініп қалған

Павлодар облысында терезеден құлаған әйел ағашқа ілініп қалған
Сурет: pro-dachnikov.com
34 жастағы әйелді ағаштан құтқарушылар түсірді

Павлодар облысында 34 жастағы әйел терезеден құлап барып ағашқа ілініп қалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары әйелге көмекке келді. Оқиға Ақсу қаласында бес қабатты тұрғын үйдің жанында болған.

Құтқарушылардың көмегімен ағаштан 1990 жылы туған әйел құтқарылды. Ол  үшінші қабаттағы пәтерден құлап кеткен.

«Үш секциялы баспалдақтың көмегімен құтқарылған адам түсіріліп, жедел медициналық көмек бригадасына тапсырылды», — делінген хабарламада.

Оқиғаның мән-жайы және зардап шегушінің жағдайы анықталуда.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар