«15 күнге түрмеге тоғытты»: мас күйде ата -анасын ұратын термешінің ұлы тағы шу шығарды (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 20 маусым, 2024
- 7.3k
КСРО-ға белгілі жыршы, термеші Сәтмағамбет Нұрмағамбетовтың ұлы «Көреміз» бағдарламасынан кейін, наркологиялық орталыққа емделуге сөз берген. Алайда, уәдесінен айныған ол қайта ішіп келіп, ата-анасының мазасын қашырған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
«Үйге ішіп келіп қайтадан шу шығарған соң, анасы Сәуле Қалиева полицияға арыз жазған. Нәтижесінде әкімшілік іс бойынша сот отырысы өтіп, Ғарифулла Нұрмағамбетовты 15 күнге түрмеге тоғытты. Әзірге қариялардың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Алайда 15 күннен кейінгі жағдай қалай өзгерері беймәлім. Қараңғы қапаста жатқан Ғарифулла ата-анасының қадірін түсініп, өзгерер деп сенеміз. «Көреміз» редакциясы бұл істі өз назарында ұстайды», - деп жазады тележүргізуші Instagram парақшасында.
Сәтмағамбет Нұрмағамбетов кезінде Роза Бағлановамен бірге гастрольге шыққан. Ол 18 жасында Қазақстан Республикасының әртісі атанған. Жырау кенже ұлының есімін төл ұстазы- Ғарифолла Құрманғалиевтің құрметіне қойған екен.
Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстау облысында ер адам әкімдік ғимаратының алдында өзін өртеді
- авторТомирис Тоныкөк
- 5 желтоқсан, 2024