«15 жасар қызымды жеңіл жүріске тартты»: Алматыда оқушы қыздарға жалаңаш массаж жасатқан (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 20 маусым, 2024
- 7.5k
9-сыныпта оқитын жасөспірім қыздар жасырын орындарда еркектерді қабылдап, боди массаж жасаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы тележүргізуші Руслан Өтепбай желідегі парақшасында бөлісті. Анасының айтуынша, қызы сыныптастарымен бірге массаж жасау орталығына барып, бір күн жұмыс істеген.
«Ол жерде 30-35 мыңға кіреді екен адамдар. Үш адам кіріп қызымның қолына 15 мың теңге беріпті», - дейді анасы.
Қызының ерсі қылығын телефонындағы жазбалардан байқаған анасы оны тәртіпке салу үшін қол жұмсаған көрінеді. Ал құзырлы органдар баланы анасынан оқшаулап, арнайы мекемеге өткізіпті.
«Енді маған аналық құқықтан айрылу қаупі төніп тұр. Құрсағымнан шыққан балама менен артық кімнің жаны ашиды?!»- дейді «Көремізден» көмек сұраған көрермен», - деп жазды тележүргізуші.