Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Шахановтың интеллектуалдық білімі жоқ»: Исрайл Сапарбай Мұхтар Шахановтың өзіне тең келе алмайтынын айтты

«Шахановтың интеллектуалдық білімі жоқ»: Исрайл Сапарбай Мұхтар Шахановтың өзіне тең келе алмайтынын айтты
Сурет: Фотоколлаж Kyn.kz
Бір күні ректормен жиналыста Мұхтар Шахановтың 25 пәннен қарызы бар екенін білдім.

Ақын Исраил Сапарбай жазушы Мұхтар шаханов туралы айтып, оның өзіне білім жағынан тең келе алмайтынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ақын "Сойқан сұхбат" youtube-арнасына берген сұхбатында әңгімеледі.

"Екеуміз құрдаспыз. Ол кезінде Шәмшімен, Төлеген Айбергенов, Сабырхан Асановпен бірге жүрді. Оқуға түскен кезімде ол мен оқитын Шымкенттегі педагогикалық институтқа сырттай оқуға құжат тапсырды. Барып оқыған жоқ. Неге екенін білмеймін. Ал мен барып оқыдым. Екеуі екі бөлек нәрсе. Ол ерте есейді. Бірақ ақын болу үшін Алладан талант берілу керек. Педагогикалық институттың өзін 4-5 жыл оқып бітірген адаммын. Ал ол сырттай бітірді. Бір күні ректормен жиналыста Мұхтар Шахановтың 25 пәннен қарызы бар екенін білдім. Оқуға тапсырғанымен ешқандай сессияға келмеген. "Мұхтар Шаханов бірде бір сессияға келмеді, оқудан шығарып жіберейік" деді ректор.  Сол кезде мұғалімдер қорғап, "ертеңі бар азамат, бізге мақтаныш болады" деп алып қалды. Ол кезде мен мән берген жоқпын. Бітірмесе де дипломды оған сол өтірік беруі мүмкін. Ал мен білім алып, оқыдым", - дейді ақын.

Сондай-ақ, Исрайл Сапарбай Шахановтың интеллектуалдық білімі жоқ екенін айтты деп inbusiness.kz сайты жазады.

"Шахановтың интеллектуалдық білімі жоқ. 1000 жерден талант болғанменен, білім керек. Ол маған білім жағынан тең келе алмайды. Талай рет көзім жетті. Мен отырған жерге Шаханов отыра алмайды. Себебі одан гөрі менің білімім мықты. Бірақ мен оған "сенен білімім мықты" деп айта алмаймын, ұят болады. Туа бітті ақын болғанымен, интеллектуалдық білім керек ақынға", - деді ол.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар