Қоғам
Журналист Айдос Садықты өлтірмек болған күдіктілер ұсталды
- автор Томирис Тоныкөк
- 21 маусым, 2024
- 1.8k
Күдіктілер Қазақстан азаматтары екені анықталды
Оппозиционер, журналист Айдос Садыққа қастандық жасағандар ұсталды. Бұл туралы оның әйелі мәлімдеді деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Наталья Садықованың айтуынша, күдіктілер – Қазақстан азаматтары. Олар журналистті аңдып, қылмысты жоспарлаған.
«Мейрам Қаратаев 09.05.1991 жылы туған және Алтай Жақанбаев 08.02.1988 жылы туған. Екеуі тапсырыс алып, 2 маусымда Киевке келген, жалдамалы пәтерде тұрып, Айдосты аңдыған, қылмысты жоспарлаған. Мейрам Қаратаев Қостанай облысы ішкі істер департаментінің қызметкері, оның үстіне қызметкерлер арасында нысанаға оқ атудан жүлделі орындар иеленген», - деп жазды ол.
Наталья Садықова күйеуінің жағдайы әлі де ауыр екенін айтады.