«Далаға қуып шыққан»: Айгүл Сайлыбаеваның құрбысы оған күйеуінің көрсеткен қорлығы туралы айтып берді
- автор Томирис Тоныкөк
- 21 маусым, 2024
- 3.1k
Германияда өлі табылған Айгүл Сайлыбаеваның 20 жылдан бері араласып келген құрбысы оның басынан өткен қиындықтарымен бөлісті. Үйде баламен отырған экс-судьяға енесінен бастап күйеуіне дейін жұмысқа шығуын талап еткен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Airan медиаға сілтеме жасап.
Айгүлдің құрбысы оның тұрмысқа шықпай тұрғанда өте ашық, көңілді болғанын айтады.
«Оның Александрға деген сезімі болды. Ол тұрмысқа шығып, әйел бақытын сезіну үшін Германияға кетті. Мен оны алғаш рет Алматыдағы үйлену тойында көрдім. Олар көбінесе телефон арқылы араласты. Бірақ Айгүл үйленбей тұрып оның қамқор болғанын айтатын. Германияға барып күйеуімен тұра бастаған кезден бастап араларында түсінбеушіліктер пайда бола бастаған. Күйеуінің туыстарына дейін оның жұмысқа шығуын талап еткен. Бірақ Айгүл декретте болатын. Бірақ енесі сонда да «Ұлым сені бағып отыр, баланы да баға ма. Сен жұмысқа шық» деп айтуын қоймаған. Александр да Айгүл соның арқасында Германияда тұрып жатқанын айтқан. Тіпті балаға алатын жәрдемақыны өзі алатын болған. Азық-түлікке дейін баланың ақшасына алғызған кездері болған», - дейді көзіне жас алған құрбысы.
Тұрмысқа шыққанға дейін қамқорлығын көрсеткен Александр Донцов кейіннен өзгеріп кеткен. Айгүлді жағымсыз сөздермен атап, әйел ретінде намысына тиген. Құрбысының айтуынша, соңғы екі жылда олар бір бөлмеде жатпаған.
«Оның маған жіберген хабарламасы бар. Айгүлден күйеуі бірнәрсе беруін өтінген. Байқаусызда тиіп кеткен болу керек. Сол кезде Донцов Айгүл оның көзін шығарғысы келгенін айтып, ұрған. Сол кезде мен Айгүлге баланы алып Қазақстанға қайт дегенімде, келе алмайтынын айтты. Өйткені Александр оның құжаттарын алып алған. Бірнеше рет қорқытқан. Оны далаға қуып шыққан кездері де болған. Енесі мен күйеуі Айгүлдің жақындарымен сөйлесуіне қарсы болған», - дейді құрбысы.
Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда оқушы қызды зорлаған 48 жастағы ер адам сотталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 желтоқсан, 2024