Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Денесін үтікпен күйдіріп, ұзартқыш тоқпен ұрған: Алматыда мұғалім бірге тұратын құрбысын соққыға жыққан

Денесін үтікпен күйдіріп, ұзартқыш тоқпен ұрған: Алматыда мұғалім бірге тұратын құрбысын соққыға жыққан
Жәбірленушінің айтуынша, мұндай жағдай екінші рет қайталанған

Алматыда бастауыш сынып мұғалімін көршілері зорлық-зомбылық жасады деп айыптады. Әйелдің қолынан зардап шеккендер қылмыскердің заң бойынша жазалануын сұрайды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы құқық қорғаушы Дина Таңсәрі өз парақшасында жазды.

«Алматы қаласында бірге тұратын көршім 13 маусым күні сағат 08:30-09:00-де мені ішімнен теуіп, кеудемді тырнады. Бетімді, қолымды, мойнымды ыстық үтікпен күйдіріп, кейін әпкемді ұзартқыш сыммен бірнеше рет ұрып тастады. Мұндай жағдай екінші рет қайталанып отыр. Басқа қыздармен де жанжалдасып, қол көтерген. Қатты агрессияда болған ол балағат сөздер айтқан. Оның үстіне ол мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істейді», - дейді Таңсәрі.

Оның айтуынша, кезекті оқиғадан соң көршілері жедел жәрдем шақырған.

«Жедел жәрдем келіп, фельдшер оны учаскелік полиция жолдаған. Біз учаскелік полиция бөлімшесіне арыз жаздық. Олар сот-медициналық сараптамаға жолдама берді. Нәтиже 10 күн ішінде дайын болатынын айтты. Полиция шақырып, Әуезов ауданы РОП-на арыз жазған. Әзірге тергеуші тағайындалған жоқ», - делінген мәтінде.

Құқық қорғаушы беті үтікпен күйген қыз диплом алу рәсіміне қатыса алмайтынын мәлімдеді.


 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар