«Енесі ұлын қатты қызғанған»: Германияда өлі табылған экс-судьяның құрбысы Донцовтың шешесі туралы айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 21 маусым, 2024
- 2.2k
Германияда өлтірілген экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның құрбысы оның неліктен күйеуі мен енесінен қорғана алмағанын Airan ютуб-каналында айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, Айгүл Германия заңын білген. Алайда, қандай да шешім шығаруға оның күші жетпеген. Өйткені оны күйеуі баламен қорқытып келген.
«Ол заңгер, ол судья. Ол қайда екенін жақсы білді. Германияның заңын оқыды. Ол күйеуінің келісімінсіз баласын алып келе алмайтынын білді. «Мен тек бала үшін шыдап жүрмін» деп бірнеше рет айтқан. Ол баласын тастап кетпес еді. Егер елге оралғанда өзімен бірге баласын алып келер еді. Оның ақшасы болмады. Кету үшін қаржысы, құжаты болмады. Ол болса да күйеуінің келісімін алу қиын еді. Бір кездері Айгүл мазасыз болып жүрді. Өйткені күйеуі оған айтпастан қызына Ресейдің азаматтығын алуға өтініш тастаған. Айгүл қарсы болса да қызына Ресей азаматтығын алды. Ол Айгүл баланың жанында болуы үшін барлығын істейтінін жақсы білді. Отбасында сол бала үшін ғана шыдап жүрді. Өйткені ол ұзақ күткен сәбиі еді. Ол қыздың анасы болуды армандады. Донцов осыны жақсы білгендіктен, қысым жасады. Осындай қарым-қатынастан кейін ол бақытсыз еді, бір шешім шығару үшін ол еркін болмады. Олар Америкаға кеткен кезде, екі-үш ай өтпей енесі барып алды. Қайда жүрсе де енесі артынан қалған емес», - дейді Аида.
Донцовтың шешесі ұлын қызғанғаны соншалық, келіні мен баласын жалғыз қалдырмауға тырысқан.
«Айгүл Донцов пен анасы бір-бірімен тығыз байланыста болғанын айтатын. Олардың отбасында не болып жатқанын анасына жеткізіп отырады екен. Айгүлден бір ағаттық кетсе, ол туралы барлық туыстары біліп отырған. Айгүлдің айтуынша, енесі ұлын қатты қызғанатын болған. Тіпті оларды бір секунд жалғыз қалдырмауға тырысады екен. Ол түннің ортасында бала қарауаға келіп алатын болған. Ешқайсысы Айгүлдің пікірін сұрамаған. Біз қалай десек, солай болады деген. Айгүлдің денесінен жарақат іздері табылғанын айтып жатыр. Ол адамнан әрнәрсені күтуге болады», - дейді құрбысы.
Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстау облысында ер адам әкімдік ғимаратының алдында өзін өртеді
- авторТомирис Тоныкөк
- 5 желтоқсан, 2024