Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Биыл Астана күнінде қазақстандықтардың қанша күн демалатыны белгілі болды

Биыл Астана күнінде қазақстандықтардың қанша күн демалатыны белгілі болды
Сурет: aikyn.kz
Астана күніне орай 2024 жылғы шілдедегі мереке 6 шілде сенбіден 8 шілде дүйсенбіге ауыстырылды.

Биыл шілде айында барлық қазақстандықтар Астана күніне орай қосымша демалыс ала алмайды, деп хабарлайды KTK.KZ ақпарат агенттігі.

Астана күніне байланысты келесі айда 5 күн жұмыс істейтіндерге барлығы 9 күн демалыс болады. Ал 6 күн жұмыс істейтіндер Астана күніне орай қосымша демалмайды.

«Электрондық үкіметтің» ресми сайтындағы мереке және демалыс күндері күнтізбесіне сәйкес, Астана күніне орай 2024 жылғы шілдедегі мереке 6 шілде сенбіден 8 шілде дүйсенбіге ауыстырылды.

Яғни, 6 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар сенбі, жексенбі күні демалады, ал 5 күн жұмыс істейтіндер сенбі, жексенбі және дүйсенбі демалады.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар