Қоғам
Астанада 2 жасар баланы күтушісі қылқындырып өлтірді деген күдікпен қамауға алынды
- автор kyn.kz
- 21 маусым, 2024
- 1.1k
38 жастағы әйел уақытша тергеу абақтысына жабылды.
Полицияның хабарлауынша қайтыс болған 2 жасар баланың күтушісі қамауға алынды. Ол өзі қарап жүрген баланы қылқындырып өлтірді деген күдікке ілінді.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Астанада екі жасар баланы өлтірді деген күдікпен 38 жастағы бала күтуші ұсталғаны туралы ақпарат пайда болған еді. Бала қылқындыру салдарынан өлді деген болжам айтылған.
"Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды, - деп түсіндірді Астана ПД өкілдері.