Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Түркістанда 11 сынып түлегі әлемнің 40 университетіне грант жеңіп алды

Түркістанда 11 сынып түлегі әлемнің 40 университетіне грант жеңіп алды
Сурет: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ол БАӘ, АҚШ, Англия, Польша, Малайзия, Швейцария мемлекеттеріндегі қалаған жоғары оқу орнының студенті атана алады.

Түркістанда білім-инновация лицейінің оқушысы әлемнің бірнеше университетіне шақырту алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі  "Адырна" ұлттық порталына сілтеме жасап.

11 сынып түлегі Ислам Абдурахманов әлемнің 40 университетіне грант жеңіп алды. Ол БАӘ, АҚШ, Англия, Польша, Малайзия, Швейцария мемлекеттеріндегі қалаған жоғары оқу орнының студенті атана алады.

Түлек 7-ші сыныптан бастап түрлі білім сайыстарында жетістіктерге қол жеткізіп келген.

"8-сыныпта айти саласына қызығушылығымды оятып, жаңа бағытқа қадам бастым. Бұл салада республикалық деңгейде өткен "Hackathon" атты жарыстан алтынға қол жеткіздім, осы іс шарада алған тәжірибем Қазақстандағы білім олимпиадасынан. бірінші орын иеленуіме себепкер болды. 9-сыныпта қоғамдық істермен айналысамын деп шештім. Түркістан қаласының "Eco Turkistan" клубының мүшесі болдым және ол жерде біраз тәжірибе ала отыра, Кентау қаласында өзімнің "Green Team" атты жеке эко клубымды аштым", - дейді Ислам Абдурахманов.

Дарынды оқушы АҚШ-тың Техас штаты, Хьюстон қаласындағы "North American University(NAU)" мекемесін таңдап отыр.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар