Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда жұмыс уақыты бір сағат ерте басталуы мүмкін

Қазақстанда жұмыс  уақыты бір сағат ерте басталуы мүмкін
Сурет: GOV.KZ
Министр Светлана Жақыпованың айтуынша, жұмыс кестесін өзгерту соншалықты қиын емес

Елімізде жұмыс күні бір сағат ерте басталуы мүмкін. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бюджеттік мекемелер мен жеке компанияларға жұмыс кестесін қайта қарауды ұсынып отыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Бұған бірыңғай уақыт белдеуіне көшу себеп. Өйткені қыста күн қысқарғанда үйге қараңғыда қайтпас күшін жұмыс күнін бір сағатқа қысқарту қарастырылуы мүмкін. Министр Светлана Жақыпованың айтуынша, жұмыс кестесін өзгерту соншалықты қиын емес. Жұмыс беруші мен қызметкер өзара келісіп, оны екі жақты келісімшартпен бекітсе болғаны. Мәселен, жұмыс күні сағат 9-да басталатын мекемелер 8-де бастауға келісе алады. Еңбек кодексі бұған рұқсат етеді,- дейді министр.

«Жұмыс беруші мен жұмыскердің арасында келісімшарт бар. Жұмыс кестесін екеуі бірге жасайды. Сондықтан қараңғы уақытта жұмыс істемеу үшін, мысал келтірсек, жұмыс тоғызда басталса, жұмыс берушімен келісіп, сағат сегізден бастаса, бір сағатты қысқартады. Сондай ұсыныс беріліп отыр», - дейді Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.


 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар